Құран хатымды тəпсірлеп жүрген дін қайраткері ақтөбелік жамағатпен кездесті

Құран хатымды тəпсірлеп жүрген дін қайраткері ақтөбелік жамағатпен кездесті

Еліміздің әр өңірінде имамдық қызмет атқарған Абдулла қажы Жолдас Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің жамағатымен сұхбат жүргізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Арнайы «Ынтымағымыз жарасты болсын, ағайын!» деген тақырыпта өткен басқосудың мақсаты — жамағатты ынтымақ пен бірлікке шақыру. Ауызбіршілікті насихаттаған кездесуге 300 жуық адам қатысты.

Белгілі ұстаз дін жолында қызмет етіп келе жатқанына 50 жылға жуықтап қалған. Ұстаздық қызметпен қатар Орал, Павлодар облысында, Түркістанда имамдық етіп республикалық діни басқармада муфтидің орынбасары қызметіне дейін атқарған. Шымкентте институтқа, университетке айналған медреседе қызметте болған.

Қайда жүрсе де ғылыми еңбек жазуды тастамаған Абдулла қажы қазіргі таңда Құран кітабын аударып, тәпсірлеп жүр екен.

Пікір қалдырыңыз