Ақтөбеде сұйытылған газ бағасы қымбаттады

Ақтөбеде сұйытылған газ бағасы қымбаттады

Ақтөбеде сұйытылған газ бағасы 7 теңгеге қымбаттады. Бұған дейін газдың әр литрі орта есеппен 48 теңге болса, қазір 55 теңгеге жетті. Жыл басында Энергетика министрлігі газ тарату бағасын көтерген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Энергетика министрлігі қаңтар айынан бастап сұйытылған газды өткізу бағасын 12 пайызға көтерді. Соған сәйкес бөлшек саудаға бағасы өсті. Қазір сұйытылған газ сататын станцияларда баға литріне 53-55 теңге.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтың айтуынша, газ бағасы министрлік бұйрығымен өсіп, жеке станцияларда да сұйытылған отын қымбаттады. Қаңтар айында Ақтөбе облысына 9500 тонна газ бөлінген. Жоспар бойынша жаңа сұраныс ақтөбелік жүргізушілерге бір айға жетуі тиіс.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында 190 мыңнан астам көлік бар. Оның 38 мың көлігі газбен жүреді

Пікір қалдырыңыз