Ақтөбеде жел тұрса, жарығы сөніп қалатын ауыл тұрғындары жаңа жылды жақсы жаңалықпен қарсы алды

Ақтөбеде жел тұрса, жарығы сөніп қалатын ауыл тұрғындары жаңа жылды жақсы жаңалықпен қарсы алды

Ойыл ауданына қарасты Екпетал ауылына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп жаңа электр тарататын қондырғы қондырылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Барлығы 100 аса түтіні бар ауыл үшін электр желілерінің жайы соңғы он жылдықта айтылып келе жатыр. Жел тұрса жарығы сөніп қалатын ауыл тұрғындары бұл мәселені бірнеше мәрте көтерді. Себебі, тозығы жеткен желінің жұмысын камтамасыз ету үшін қыруар қаражат керек еді.

Аудан іргесіндегі ауыл тұрғындарының өтініші екі-үш жылдан бері қолға алынды. Алдымен толық зерттеу жүргізіліп, қондырылатын қуат таратушы құрылғының құны 16 млн теңгеге бағаланды. Облыс басшысына хат жазылып, қажетті қаржы да бөлінген болатын. «АКМ» ЖШС межелі мерзімде ауыл көшесіне 72 бетон бағана мен желі тартты. Жаңа электр қуатын тарататын қондырғы құрылып, көшелерге шамдар ілінді.

Аудан әкімі Бұлбұл Күзембаева ауыл тұрғындарын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, көптен күткен қуаныштарымен бөлісті.

Пікір қалдырыңыз