Ақтөбеде бес жылдан аса бірге тұрған отбасылардың арасында бала асырап алуға ниеттілер көбейген

Ақтөбеде бес жылдан аса бірге тұрған отбасылардың арасында бала асырап алуға ниеттілер көбейген
maltatoday.com.mt

Ақтөбедегі «Үміт» сәбилер үйі бас дәрігерінің айтуынша, жетім балаларды асырап алуға ниеттілер көбейген.

«Үміт» сәбилер үйінде бүгінде 55 бала тәрбиеленіп жатыр. Олар медициналық және педагогикалық көмек алады. Бұл балалардың 23-інен ата-аналары уақытша бас тартса, 11-і тастанды бала. Ата-аналары мүлдем бас тартқан балалар саны 16 болып тұр. Олардың кейбірінің балалары бас бостандығынан айырылса, кейбірі психикалық ауруына байланысты ұзақ мерзімге ем алып жатқандар. Қазіргі кезде бізде балалардың ми қызметін дамытуға арналған кабинеттер ашылды. Бұрын сал ауруына шалдыққан балаларды Алматы, Астана қалаларына жіберетін болсақ, қазір өзімізде емдеу мүмкіндігі туды. Жаңа туған балаларды асырап алуға ниеттілер саны соңғы жылдары көбейіп барады», — дейді «Үміт» сәбилер үйінің бас дәрігері Қадірбек Иманбаев.

Сәбилер үйінде жаңа туған нәрестелерден бастап 4 жасқа дейінгі бүлдіршіндер тәрбиеленеді. Бала асырап аламын деушілерге арнайы ақпараттық желі жұмыс жасайды.

«Асырап алушылар балаларды портал арқылы таңдай алады. Асырап алуға соңғы жылдары сұраныс көп. Салыстырмалы түрде айтсақ, бес жыл бұрын жетім балалары асырап алғысы келетіндердің саны өте аз болатын. Ал қазіргі кезде көбейді. Олардың көпшілігі 5-6 жыл бірге тұрып, бала болмаған соң асырап алуға ниет білдіргендер. Балалардың көбісі туа бітті ақаулармен дүниеге келген», — дейді Қадірбек Иманбаев.

Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз