Ақтөбеде «полицейлердің» тұрғындардан киви-әмиян арқылы ақша сұрау жайттары жиілеп кетті

Ақтөбеде «полицейлердің» тұрғындардан киви-әмиян арқылы ақша сұрау жайттары жиілеп кетті
ibankcoin.com

Өздерін тәртіп сақшыларымыз деп таныстырған бейтаныс адамдар бірнеше ақтөбелікті алдап соққан. Жақын туысы қамауға алынды деген желеумен киви-әмиян арқылы ақша аударып жіберулерін талап еткен.

Облыстық ішкі істер департаментінен хабарлағандай, ғаламтор беттерінде пәтер, көлік сатамыз деп алдын ала ақша сұрайтын алаяқтар да көбейген. Аванс соманы қолға түсірген олар жарнама сайттарындағы аккаунттарын өшіріп, аңғал клиентті тақырға отырғызып кетеді.

Тәртіп сақшылары Ақтөбе тұрғындарына танымайтын адамдардың ұсыныстарына алданып қалмау керектігін ескертеді. Сонымен бірге, банктік карта шоттарын да оңды-солды таратуға болмайтынын айтады.

Пікір қалдырыңыз