Ақтөбеде мазут цистернасы жарылып, дəнекерлеушінің денесі шашылып қалды

Ақтөбеде мазут цистернасы жарылып, дəнекерлеушінің денесі шашылып қалды

Оқиға мереке күндері болған. Ақтөбе қаласы 41 разъезде орын алған оқиғадан зардап шегушіні құтқару мүмкін болмады.

«Оқиға 2 қаңтар күні сағат 12:06 шамасында тіркелді.  Хабар жеткен бойда  мамандар оқиға орнында болды. Бірақ, зардап шегушіні құтқарып қалу мүмкін болмады. Денесін қатты күйік шалған азамат жедел жəрдем қызметі жеткенше көз жұмған», — деп хабарлайды «103» қызметінен Дастан Неталиева.

41 жастағы ер адам сол күні бензовоз цистернасын дəнекерлеу үшін ішіне кірген. Жедел жəрдем қызметі мамандарының айтуынша, цистернамен осыған дейін мазут тасымалданған екен.

Цистернамен бірге жарылып кеткен азаматтың Əйтеке би ауданының тумасы екені айтылады.

Пікір қалдырыңыз