Ақтөбелік белсенді жастар: «Жаңа жылда Аяз Ата емес, азық-түлік күтетін мұқтаж жандар бар»

Ақтөбелік белсенді жастар: «Жаңа жылда Аяз Ата емес, азық-түлік күтетін мұқтаж жандар бар»

Ақтөбе қаласында қайырымдылық жұмыстарымен айналысып жүрген ерікті жастар мереке қарсаңында мұқтаж отбасыларға арнап азық-түлік таратты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жаңа жыл мейрамы қарсаңында «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы арнайы құрбандық шалып, 5 отбасыға азық-түлік таратты. Жастардың айтуы бойынша, көмекке зәру отбасылар Аяз атаға қарағанда, азық-түлікті күтетінін аңғарған.

«Арнайы кәсіпкерлердің қолдауымен өткізілген шара әлі де жалғасады. Қоғамда көмекке өте мұқтаж отбасылар көп. Бізден көмек сұрайтындардың саны артып жатыр. Егер, мол мүмкіндік болып жатса, қолдан келген барлық игі істерді жасаймыз», — дейді топ мүшесі Ғани Қонысбаев.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш топ еріктілері желтоқсан айында арнайы қайырымдылық кешін өткізіп, 3 жылдық атқарған жұмыстарын қорытындылаған болатын.

1 пікір


  1. Алла риза болсын! Осындай іс əрекеттеріңіз көпше қауымға тəлім тəрбие болсын! Жарайсыңдар!

    Жауап беру

Пікір қалдырыңыз