Ақтөбеде коммуналдық төлемдердің бәрі қымбаттады

Ақтөбеде коммуналдық төлемдердің бәрі қымбаттады

Ақтөбеде коммуналдық тарифтер көтерілді. Өсім 2-10 пайызды құрады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Көрнекі сурет. Dixinews.kz

«Қаңтар айынан бастап өсім бар. Бәрі 2016-2020 жылдарға арналған жоспарлы өсім. Салқын су 3 пайызға қымбаттады. Тұрғындар үшін ҚҚС есептемегенде 2 теңге 13 тиын қосылады. Ал өзге тұтынушылар үшін 9 теңге 7 тиынға өседі. Қазір жүйесінің бағасы 7,3 пайызға көтерілді. Тұрғындар үшін 4,35 теңге, ал өзге тұтынушылар үшін 22,24 теңге қосылды», — деді Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыстық департамент басшысының орынбасары Нұрлан Болатбаев.

Ал жылу мен ыстық су бағасы тұрғындар үшін 10 пайызға өсті. Жарық таратушылар да бағаны көтеріп отыр. Олар тарифті 10 пайызға арттырды. Ақтөбеде газ да қымбаттады. Тұрғындар үшін 8 пайызға өсіп отыр. Монополияға қарсы күрес қызметкерлерінің айтуынша, өзге тұтынушылар үшін 4 пайыздық өсім тіркелді. Бұл бизнесті қолдауға бағытталған жұмыс.

Пікір қалдырыңыз