Жаңажылдық мереке күндері Ақтөбеде екі адам қатты келе жатқан пойыздың астында қалды

Жаңажылдық мереке күндері Ақтөбеде екі адам қатты келе жатқан пойыздың астында қалды
kuban.kp.ru

Қайғылы оқиға 2 қаңтар күні тіркелген. Автовокзал ауданындағы теміржол бойынан өтіп бара жатқан екі адамды қатты келе жатқан пойыз басып кеткен, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Оқиға 2 қаңтар күні сағат 13:49 шамасында тіркелді. Теміржол бойынан өтіп бара жатқан екі адамды пойыз қағып кеткен. Әзірге кім екені анықталмаған ер адам оқиға орында қаза тапты. Ал 66 жастағы әйел адам ашық ми жарақаты және әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жарақат алған әйел адам ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізілді», — деп хабарлайды «103» қызметінен Дастан Неталиева.

Мамандар тұрғындардан теміржол бойынан өткенде сақ болуды ескертеді.

Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз