Ілияс Испанов БАҚ беттерінде көрінбей кеткен Ақтөбе имамын марапаттады

Ілияс Испанов БАҚ беттерінде көрінбей кеткен Ақтөбе имамын марапаттады

Ақтөбе қаласының басшысы Ілияс Испанов діни қызметкерлермен кездесу барысында əлеуметтік қамсыздандыру бағытында атқарылған іс-шараларды қорытындылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қала әкімі жиын соңында бірқатар азаматтардың еңбегін ерекше атап өтіп, оларды алғыс хаттармен марапаттады.

Қалалық орталық мешіттің бас имамы Амантай Садиевке Ақтөбе қаласының əлеуметтік тұрақтылығына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді. Ақтөбе қаласына имамдық қызметке келген бойда ақпарат құралдары арқылы белсенді жұмыс істей бастаған Садиев кейін көзден таса позицияны ұстанып отыр.

Тым белсенділігі бәзбіреулерге ұнамаған болу керек, қала имамы БАҚ беттерінен көрінбей кетті. Дегенмен, қала басшысы оның жұмысын жоғары бағаласа керек.

Сонымен қатар Ілияс Испанов «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Жандәулет Сүлейменовке, өзге де мемлекеттік мекеме, ұйым қызметкерлеріне Алғыс хаттар табыс етіп, қызметтеріне жеміс тіледі.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

 

Пікір қалдырыңыз