30 желтоқсанда жылдың ең соңғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі

30 желтоқсанда жылдың ең соңғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі

«Табыс» коммуналдық базарында биылғы соңғы қорытынды жәрмеңке өткізіледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Алға ауданы және қаланың жергілікті тауар өндірушілері, шаруа қожалықтары қатысады.

Белсенділік танытып отырған ірі компаниялар қатарына  «Рамазан» ЖШС, «Анди» ЖШС, «Айс» ЖШС, «Группа компаний «Рокос» ЖШС, «Жазык Групп» ЖШС сынды серіктестіктерді жатқызуға болады.

Жәрмеңкенің басты артықшылығы өткен жәрмеңкелердегідей қолжетімді баға болуында. Өйткені, өндірушілер мен жеткізушілердің өз өнімдерін тікелей сатуларына мүмкіндіктері бар.

Барлық өнімдер қаланың басқа базарларына қарағанда 10-15% төмен бағамен сатылатын болады.
Жыл бойы маңызды іс-шаралардың белсенді қатысушылары қала әкімі тарапынан алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталатын болады.

Пікір қалдырыңыз