Димаш Құдайберген әлемнің ең көрікті 100 тұлғасының қатарына кірді

Димаш Құдайберген әлемнің ең көрікті 100 тұлғасының қатарына кірді

Димаш Құдайберген 2017 жылғы әлемдегі ең сымбатты 100 тұлғаның қатарына кірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған жаңалықпен Instagram желісіндегі парақшасында Ұлықпан Жолдасовтың жары Айған Жолдасова бөлісті.

СҮЙІНШІ !!! 💣💣💣🌟 🔥🔥🔥ӘЛЕМ БОЙЫНША 100 ЕҢ СҰЛУ АДАМДАР ҚАТАРЫНДА -БІЗДІҢ ДИМАШ 76 ШЫ ОРЫНДА…..🔥🔥🔥МИЛЛИОНДАҒАН ДАУЫС БЕРУ БОЙЫНША 🙏 ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН ДИМАШТЫҢ ТУҒАН ЖЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТЕРІНІҢ ҚУАНЫШЫНДАДА ШЕК ЖОҚ ШЫҒАР 💐💐💐💥💥💥ҚҰТТЫҚТАЙМЫН ҚАЗАҚ ӨНЕР ҚАУЫМЫН ЖӘНЕ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІН 🌟🌟🌟 БҰЛ РЕЙТИНГТЕ ЕНДІ БІЗДІҢ ЕЛДІҢ АЗАМАТЫДА БАР 🔥✨✨✨ӘРҚАШАНДА БІРГЕ БОЛЫҢДАР 🙏🙏🙏###Классная новость , Димаш попал в список 100 самых красивых людей , на 76 месте , это круто ))) со слов @dimash_gifted 😅 @kanat_sveta_aitbayevtar @kudaibergenov.dimash @lukpan_zholdasov @zholdassov_production @farida_zholdasova @aigan_zholdasova (ОҢНАН СОЛҒА ҚАЛАЙ ЖЫЛЖЫТЫП ҚАРАУҒА БОЛАДЫ 7 видео) Димаш өз кумирлерінің алдына түсіп кеткен қалай кетті?))) 😳😃🙃🙃🙃 Құтты болсын💐#dimash #dears#kudaibergenovdimash #dimashkudaibergen

A post shared by Айған Сайлаубай(Арт-директор) (@aigan_zholdasova) on

Димаш аталған тізімде әлемге танымал тұлғаларды басып озып, 79-шы орынға жайғасқан. Олардың ішінде Райан Гослин (91 орын), Леонардо ди Каприо (87 орын), Дуэйн Джонсон (82 орын), Брэд Питт (78 орында).

Димаш Құдайберген.Фото: Instagram

Әлемге әйгілі Леонардо ди Каприо мен Брэд Питті жолда қалдырған Димаш үшін жерлестері қуанып, ақ тілектерін жазуда. Ал әншінің өзі болса Instagram парақашсында жанкүйерлеріне алғыс білдірген.

Димаш Құдайберген.Фото: Instagram

«Құрметті, менің жанкүйерлерім! Сіздердің мен ушін жасап жүрген ерен еңбектеріңізді білемін және қатты бағалаймын. Әлемнің ең көрікті 100 адамының қатарына кіруім ол сіздердің қажырлы еңбектеріңізді арқасы. Күн-түн демей әлемнің түкпір-түкпірінен дауыс беріп, мені әрдайым қолдап жүресіздер. Мен осы деңгейге сіздер жеткізіп отырсыздар. Сіздер барда мен бармын. Рақмет, жандарым сол!»,- деп жазған әнші Instagram парақшасында.

Димаш Құдайберген.Фото: Instagram

Пікір қалдырыңыз