Биыл Қазақстанда бір жасқа дейінгі 2600-ден астам нәресте өлімі тіркелді

Биыл Қазақстанда бір жасқа дейінгі 2600-ден астам нәресте өлімі тіркелді

Оның тең жартысы перинаталдық кезеңде пайда болған жағдайларға байланысты. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлайды.

2017 жылғы қаңтар-қазанда республикада 1 жасқа дейінгі 2644 нәресте өлімі тіркелді. 2016 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 11,9%-ға азайды.

Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі — перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар. Бұдан 2017 жылғы қаңтар-қазанда 1322 нәресте қайтыс болған, бұл нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 50%-ын құрады.
Туа біткен ауытқулардан 636 немесе 24,1%, тыныс органдары ауруларынан – 165 немесе 6,2% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 137 немесе 5,2% нәресте қайтыс болды. 2017 жылғы қаңтар-қазанда нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,08 құрады.

Ілияс Оразбаев, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз