Ақтөбедегі әлеуметтік төлемдер есептеу орталығы жаңа мекенжайда қызмет көрсететін болады

Ақтөбедегі әлеуметтік төлемдер есептеу орталығы жаңа мекенжайда қызмет көрсететін болады
Фото: pvl.kyzmet.gov.kz

Халыққа қызмет көрсету орталығы зейнетақы мен жәрдемақы төлеу орталығының жаңа кеңсеге көшетінін хабарлайды. «Әлеуметтік төлемдер ведомствоаралық есептеу орталығы» енді Сәңкібай батыр даңғылы, №249 үй мекенжайы бойынша («Халықтық кеңсе») қызмет көрсетпек.

Халыққа қызмет көрсету орталығынан хабарлағандай, Сәңкібай батыр даңғылы мен Ғазиза Жұбанова көшесінің қиылында орналасқан орталыққа №28 автобус қатынайды. Байланыс нөмірлері: 46-60-01, 70-38-00, 8-701-343-75-58

Пікір қалдырыңыз