Ақтөбеде өткен айтыста ақындар мәдениет министрлігінің арнайы төсбелгісімен марапатталды

Ақтөбеде өткен айтыста ақындар мәдениет министрлігінің арнайы төсбелгісімен марапатталды

«Жыр арқауы – жаңғыру» атты республикалық  айтыста белгілі айтыскер ақындар «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Тәуелсіздік тақырыбына арналған арнайы «Алтын домбыра» жүлдесі үшін өткен айтыста еңбегі сіңген ақындарға құрмет көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы «Мәдениет саласының үздігі» атты төсбелгілері Балғынбек Имашов, Сара Тоқтамысова, Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек Бұлғақов сынды айтыскер ақындарға табыс етілді.

Алтыншы мәрте өткізілген республикалық айтыстың «Алтын домбырасы» Жандарбек Бұлғақовқа бұйырды, бірінші орын Сырым Әуезхан иеленді.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз