Танымал сатирик жүргізген айтыста Ақтөбе жұрты Жүрсін Ерманды іздеп, шулап қоя берді

Танымал сатирик жүргізген айтыста Ақтөбе жұрты Жүрсін Ерманды іздеп, шулап қоя берді

Тәуелсіздік күніне орай Ақтөбеде өткен ақындар айтысында Жүрсін Ерманды сұраған халыққа Көпен Әмірбек әзілмен жауап берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Өнер орталығында» өткізілген республикалық ақындар айтысын ақын, сатирик, «Ара» журналының бас редакторы, еңбегі сіңген қайраткер Көпен Әмірбек жүргізген болатын.

Халыққа таныстырып, айтыс жүргізушісін ортаға шақырған сәтте көрермен «Жүрсін қайда?» деп шулап кетті. Сатирик Көпен Әмірбек «стойка қайда?» деп салды.

Белгілі сатирик ақындарды хабарламас бұрын әзіл-шыны аралас әңгіме айтқан сайын халық қайта-қайта «айтыс, айтыс» деп әңгімесін басып тастап жатты.

Айта кетейік, Ақтөбеде «Жыр арқауы — жаңғыру» атты республикалық ақындар айтысы өтіп, «Алтын домбыра» иесі анықталды. Үшінші орынды Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамыс және Әсет Дүйсебаев бөліп алса, екінші орынды Жарқынбек Наушабеков алды, бірінші орынды Сырым Әуезхан еншіледі. Бас жүлде мен «Алтын домбыраны» Жандарбек Бұлғақов жеңіп алды.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз