Елбасы ақтөбелік «Степное» ЖШС директоры Аманғос Төлеуовті «Отан» орденімен марапаттады

Елбасы ақтөбелік "Степное" ЖШС директоры Аманғос Төлеуовті "Отан" орденімен марапаттады

Тәуелсіздік күніне орай бүгін Қазақстан Президенті резиденциясында мемлекеттік жүлделер мен сыйақыларды табыстау рәсімі өтті.

Елбасы «Отан» орденін Ақтөбе облысының «Степное» ЖШС директоры Аманғос Төлеуовке де табыс етті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Айта кетейік, «Отан» ордені бүгін Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаевқа да табысталған болатын.

«Отан» ордені — Қазақстан Республикасындағы жоғары ордендердің бірі. Орден ерекше еңбек атқарған азаматтарға беріледі.

Пікір қалдырыңыз