Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Тұрсын Жұртбай, профессор: Өз ырысымызды, өз экономикамызды уысымыздан шығарып алдық

Тұрсын Жұртбай, профессор: Өз ырысымызды, өз экономикамызды уысымыздан шығарып алдық

Ақтөбеде белді ғалымдар Алаш қозғалысының жобасы мен келер ұрпаққа қалдырған өсиеттерін талқылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Басқосуда құр мақтау ғана емес, сыни пікірлер де айтылды. Мәселен, «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының директоры Тұрсын Жұртбай Алаш қозғалысының бір де бір ұстанымы орындалмағанын қадап айтты.

«Қазақтың жер астынан шығатын өнімдерінің, оның ішінде түрлі түсті металдың 64 пайызы, қара металл өнеркәсібінің 72 пайызы және тағы да басқасы жеке меншікте», — деді ғалым.

Ал қоғам қайраткері Амангелді Айталы ғалымның сөзін одан әрі өрбітті. Ол Бөйкейхановтың сөзімен қазақ ұлтын мазалап жүрген өзекті мәселені ортаға салды.

«Бөкейханов айтқандай, басқа ұлттар қазақ жеріне Атамекен емес, пайданың, экономиканың көзімен қарайды. Қытайлар Ақтөбе жеріне мұнай-газдың жері деп қарайды. Еврейлер Ақтөбе жеріне хром өндіретін территория деп қарайды. Басқа көзқарас жоқ. Қазір біз соларға тәуелді болып қалдық. Ал біз, қазақ үшін Ақтөбе жері болсын, түгел Атамекеніміз болсын, бұл — рухани құндылық. Осы жерде біз ұлт болып отырмыз. Әлекең осы мәселеге көп мән берді», — деді ғалым Амангелді Айталы.

Ілияс Оразбаев, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *