Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеде сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында 1 миллионнан астам жарнама орналастырылды

Ақтөбеде сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында 1 миллионнан астам жарнама орналастырылды

Ақтөбеде жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы баннерлер орталық кешелерге ілініп жатыр. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті 1 миллионнан астам жарнама таратқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде 1 миллионнан астам жарнама таратылып, 183 баннер орналастырылды. Коммуналдық мекемелер өз тұтынушыларына арналған түбіртектерге жемқорлыққа қарсы хабарламаларды қоса жібереді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ құрылып, 400 еңбек ұжымы қамтылды. Мобильді топ барлық ауданда бар. Бұл жұмыс сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталып жатыр.

«Жыл басынан бері 15 рейд жүргізілді. Қызметтен тыс уақытта автокөлікті пайдаланудың 24 фактісі анықталды. Мемлекеттік қызметкерлер жауапкершілікке тартылды. «Қызметтік көлік – қызметтік мақсатта» акциясы ұйымдастырылды. Қазір барлық мекемелердің көліктерінде арнайы жапсырма бар», — деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Қайыржан Тоқышев.

Айта кетейік, биыл 69 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелді. Олардың арасында парақорлық, лауазымды өкілеттіліктерін теріс пайдалану деректері басым.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *