Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбе облысының шенеуніктері алаңға шығып доп қуды

Ақтөбе облысының шенеуніктері алаңға шығып доп қуды

Ақтөбеде аудандық, қалалық және облыстық әкімдіктердің қызметкерлері арасында шағын футболдан XVII облыстық спартакиада өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Шағын футболдан жарысқа аудандық, қалалық және облыстық әкімдіктерден 14 құрама команда қатысты. Ойындар Есет батыр атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың футбол залында төрт шағын топта өткізілді.

Жартылай финалға Ақтөбе қаласы әкімдігінің, Мәртөк, Шалқар және Алға аудандары әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілерінің 4 командасы шықты. Ақтөбе қаласы әкімдігінің командасы Шалқар ауданы командасын жеңсе, Мәртөк ауданы әкімдігінің командасы Алға ауданының командасынан басым түсті.

Финалда Мәртөк ауданы мен Ақтөбе қаласы әкімдіктерінің командалары бақтарын сынады. Ақтөбе қаласы әкімдігінің командасы Мәртөк ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің құрамасын 2-1 есебімен жеңіп, шағын футболдан облыстық спартакиаданың он мәрте чемпионы атанды.

1 пікір

  1. Мына суретте Иванның ағасы тұр ғо😂

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *