Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Қазақстанның алты қаласын аралаған керуен Ақтөбеге келді

Қазақстанның алты қаласын аралаған керуен Ақтөбеге келді

«Керуен» атты үлкен жәрмеңке Ақтөбе қаласына келіп, өнімдерін жергілікті тұрғындарға ұсынып жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қазақ қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдардың көші осы уақытқа дейін Ақтау, Жаңаөзен, Атырау, Құлсары, Орал, Ақсай қалаларын аралаған.

 «Бұл үлкен жәрмеңке. Әрбір қалада бес күннен өткізіп келе жатырмыз. Ең бірінші ата-салтымыз, мәдениетіміз, үлкен бір сара жол. Экспо-2017 көрмесі біткеннен кейін бүкіл еліміздегі қолөнершілер мен зергерлердің өнімдерін жинадық. Өзімізде шығып жатқан Қазақстанның бренд киімдері мен компаниялары, сол кісілердің еңбектерін жастарымызға таныстыру мақсатында осындай жорықты таңдап алған болатынбыз. Бастапқы кезде 100-ден аса кәсіпкер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың бұйымдары көп болатын. Барлығы дерлік жол бойы сатылды. Ақтөбеге тек он бес қатысушы келдік», — дейді ұйымдастырушы Бибігүл Карденова.

Жәрмеңке Керуен Сити орталығында 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Содан соң керуен көші Астана қаласында болып, Тәуелсіздік күніне орай шаралар өткізбек.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *