Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбелік полицей жекпе-жектен әлем чемпионатында топ жарды

Ақтөбелік полицей жекпе-жектен әлем чемпионатында топ жарды

Полиция лейтенанты Мирас Ұлықпанов алтын медаль тақты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

1-3 желтоқсан аралығында Атырау қаласында «Жекпе-жек» ұлттық спорт түрінен Әлем чемпионаты өтті. Тоғыз елден келген 100-ден аса спортшылар күш сынасқан додада Қазақстанның намысын 20 спортшы қорғады. Сегіз қазақастандық алтын медаль жеңіп алды. Солардың қатарында ақтөбелік Мирас Ұлықпанов та болды.

25 жастағы лейтенант бұған дейін де Азия чемпионаттарында олжалы болған. Қазіргі таңда, ол 2018 жылдың наурыз айынан жоспарланып отырған, «Жекпе-жек» ұлттық спорт түрі бойынша «Әлем белдігінде» күш сынаспақ.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *