Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбе облысындағы «Бозой» жерасты қоймасы транзиттік және экспорттық газ көлемін арттырады

Ақтөбе облысындағы «Бозой» жерасты қоймасы транзиттік және экспорттық газ көлемін арттырады

Ақтөбе облысында «Бозой» жерасты газ қоймасы іске қосылды. Жаңа қойма еліміздің батысы мен оңтүстігіне үздіксіз газ жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде Ресей, Қытай, Өзбекстанға тасымалданатын транзиттік және экспорттық газдың көлемі артады. «Бозой» жерасты газ қоймасындағы жаңа қондырғы тәулігіне 27 миллион текше метр газ жеткізіп, айдауға мүмкіндік береді. Бұл еліміздің батысы мен оңтүстігін үздіксіз газбен қамтамасыз етуге арналған жаңа жоба. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «ҚазТрансГаз» АҚ жобаны іске асырған кезде Қазақстанда теңдесі жоқ құрылғыны қондырды. Бұл қондырғы Еуропадан және Украинадан әкелінген. Заманауи технологиялық жабдықтарға компания 11 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсап отыр. Өнімнің тең жартысы ішкі нарыққа, тең жартысы экспортқа бағытталады.

«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жаңа қондырғы «Бұқара-Орал» және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырлары арқылы «Бозой» газ сақтау қоймасынан алынатын табиғи газды Ақтөбе облысы мен оңтүстік өңірлерге үздіксіз жеткізеді. Жылыту маусымы кезінде сапалы газбен қамту маңызды. Себебі, қондырғы газдың құбырларда қатып қалуына жол бермейді. Инновациялық технология газдағы ылғалды жойып, оны кептіреді.

Айта кетейік, құрылыс жұмыстары кезінде мұнда 200-ге жуық адам еңбек етті. Ал жаңа қондырғыны басқаруға бар болғаны 6 адам жеткілікті

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *