Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Еріктілер күні Ақтөбенің белсенді жастары алғыс хаттармен марапатталды

Еріктілер күні Ақтөбенің белсенді жастары алғыс хаттармен марапатталды

Еріктілер күніне орай түрлі салада белсенділік танытып жүрген жастар марапатталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында еріктілер қызметінің ауқымы кеңейіп, жыл өткен сайын үлесі мен саны артып келеді. Қоғам игілігі үшін қызмет қылып жүрген жастарды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова арнайы алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

«Жүректен жүрекке», «Рахым нұры», «Ақтөбе қайырымды жандары» атты еріктілер топтары жүйелі түрде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, жалғызбасты қарттар, мұқтаж жандар мен жетімдер, қарттар, аналар үйіне материалдық, рухани, қоғамдық көмектер көрсетіп отырады.

Биылғы жылы елдің елеулі оқиғалары Алматы қаласында өткен «Қысқы Универсиада» ойындарына 18 және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне облыс атынан 100 ерікті жас қатысты.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *