Бастапқы бет / Әлем / Тәжікстан: Милициядағы гранатомет абайсызда жарылған

Тәжікстан: Милициядағы гранатомет абайсызда жарылған

Гранатомет (Көрнекі сурет)

Қорған-төбе қаласының тергеушісі Мухиддин Зохидзода танкіге қарсы реактивті РПГ-18 «Муха» гранатометінің жарылуынан қаза тапты деп хабарлайды дереккөзіне сілтеме жасаған Азаттықтың Тәжік редакциясы. Граната қала шетіндегі христиандар зиратынан табылған.

«Мухиддин Зохидзода гранатометті тіркеп отырған кезде жарылыс аяқ астынан абайсызда болған» дейді дереккөзі.

Дәл осы жарылыстан қалалық милиция ғимаратының шатыры зақымданған.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Умарджон Эмомали 1 желтоқсанда Қорған-төбе қаласында жарылыс болғанын растаған, бірақ себебі анықталып жатқанын айтқан.

Аzattyq.org

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *