Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбелік заңгер халықты несиемен «тонаған» банктерді сотқа берді

Ақтөбелік заңгер халықты несиемен «тонаған» банктерді сотқа берді

Ақтөбелік заңгер Еркебұлан Сарман екінші деңгейлі банктермен соттасып жүр. Заңгер тұрғындарға оңай несие рәсімдейтін банктерге алданбаудың жолын ескертті.

«Несие кез келген адамның басында бар. Бір емес, бірнеше несиемен жүргендер жоқ емес. Көпшілігімізде айлықтың жартысынан астамы несиеге кетеді. Банктер заңсыз комиссияларын несиемен бірге төлеуге заңдастырып қойған. Қазіргі уақытта қолымызда елу шақты іс бар. Қолымызда банк келісімшарттарының заңсыз екені көрсетілген сот шешімдері бар», — дейді Еркебұлан Сарман.

Заңгер банктердің тұтынушыларын қалай алдап отырғандарын ашып айтып берді.

«Заңсыз комиссияны банк ашып жазбайды. Қарызға қызмет көрсеткені үшін жалпы соммадан 0,4-0,5 пайыз деп жазып қояды. Ол үлкен сома болатын болса, тұтынушы ай-сайын  10-15 мыңнан артық төлем жасап отырады. Мәселен, Алтынбек есімді тұрғын банк арқылы автонесие рәсімдеген. Осы бойынша арызды сотқа түсірдім. Бір айдың ішінде сот шешімі шықты. Талапкерге заңсыз төлеген  121 700 мың теңгесін өндіртіп бердім.  Ол банктен 1 718 875 теңге алған. Бұл ең аздары,  700-800 мың теңгеге дейін заңсыз ұстағандары бар. Олар көп жағдайда ұзақ уақытқа  несие рәсімдегендер. Мәселен, төрт жылда  48 ай бар. Олар айына  11-12 мыңнан ұстайды», — дейді заңгер.

Сонымен қатар, заңгер екінші деңгейлі банктердің үстінен қазақ тілін қорлап отырғандары үшін де сотқа арыз түсірген.

«Банктің мемлекеттік тілді қорлап көрсеткен бөлімдерін сот арқылы жарақсыз деп тануды талап еттім. Банк келісімшартты екі тілде жазады. Бірақ, ең соңғы бөлімінде қазақ тілін басшылыққа алмаңыздар деп арнайы бөлім енгізіп қойған. Барлық банк қазақ тілінде кемшілік болса, орыс тіліне сүйеніңіздер деп көрсетеді. Бұл дегеніңіз тіл туралы заңға сай емес. Кез келген мемлекеттік емес ұйымдардың өзінде бірінші құжат мемлекттік тілде жазылуға тиісті», — дейді Еркебұлан Сарман.

14 Пікір

  1. Бахытбай

    Еркебұлан бауырымызға сəттілік тілеймін!
    Халықтың қанын білгенінше сорып жатыр ғой,нəлеттер!

  2. Толкын

    Қарайсыз! Елді ойлайтын азаматтар көбейсінші!

  3. Біз өзіміздің келісім шартымызды алып барып есептеттік.Казалыда Народ.банк есептемейміз дейді.Ол қалай болғаны .Сіздерден қандай көмек алуға болады?

    • Еркебулан

      Саламатсызба! Кез келген банк оздеринин келисим шарттарын зансыз деп айтпайды, сиз зангерге банктин карыз беру шартын корсетип, каншалыкты зандылыгын тексертуинизге болады. Екинши денгейли банктердин ар-бир шарты «банк жане банк кызмети туралы» занына сайкес болуы керек! Алайда, банктер тарапынан карыз беру шарттарында зансыздыктарга жол берилуине байланысты халык зансыз комиссиялар толеп жатыр!!!
      Комегимиз кажет болса хабарласыныздар кенес беру тегин. 87761968787

  4. Ай жарайсың! Аман болшы, бауырым…

  5. Карылга

    Мен альфабанктен кредит алғанмын 2670000 тг 4жылға соған ай сайын 102000 тг төлеймін дұрыс па

  6. Аға рахмет сіз сиякты қазақ ерлері көп болсағой шіркін. Алла жар болсын сізге

  7. Бұл заңгерді қайдан табамыз? Офис мекен жайы

    • Еркебулан

      Саламатсызба! Актобе каласы, М.Оспанов кошеси 58. ЮК ЮРИСТ
      Тел; 87761968787
      Ватсап 87751968787

  8. Жарайсыз! Біз сізді қалай табамыз? Ырғызданмын

  9. Гулсара

    МЕН 1500 000 теңге несие алдым 48 айға, ай сайын 45 600 теңге төлеймін.Осыған не айтасыз?Дұрыс па?

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *