Бастапқы бет / Әлем / Ғалымдар неліктен диетаның нәтиже бермейтінін айтты

Ғалымдар неліктен диетаның нәтиже бермейтінін айтты

Қандай да бір диетаның нәтижелігі нақты сол бір адамның генетикасына байланысты. Мұндай пікірді Texas A&M университетінің зерттеушілері айтып отыр. Олардың зерттеуі Genetics журналында жарияланды, — деп жазады РИА Новости.
Ғалымдарға мұндай зерттеу жүргізуге түрлі диеталардың пайда болуы мен салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың саны көбейгенімен, семіздікке шалдыққан америкалықтардың санының азаймауы себеп болған. Мамандардың айтуынша, әрбір организм өзінше бөлік генетикалық ерекшелігіне орай әсер етеді.
Сондай-ақ, ғалымдар зерттеу қорытындысының барлық адамға көмектесетін әмбебап диетаның жоқтығына сенімді екендерін айтады. Мамандар енді адамның ДНҚ-дағы мәліметтеріне сүйене отырып, әр адамға жеке диета құрастыра алатындай генетикалық тест жасап көруді жоспарлап отыр.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *