Бастапқы бет / Әлем / Трамп Солтүстік Кореяға қосымша санкция салуға уәде берді

Трамп Солтүстік Кореяға қосымша санкция салуға уәде берді

Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп кезекті рет баллистикалық зымыран ұшыруына байланысты Солтүстік Кореяға қосымша санкция салуға уәде берді. Трамп Twitter-де Пхеньянға қарсы шараларды Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен талқылағанын жазды.

29 қарашада Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Пхеньянның баллистикалық зымыран сынағанын жариялаған. Оның сөзінше, Солтүстік Корея ядролық қару жасау жұмысын аяқтады. Солтүстік Корея басшылығы снаряд АҚШ территориясының кез-келген жеріне жете алатынын айтады.

БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш, НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг және Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини Пхеньянның баллистикалық зымыран сынағанын айыптады.

Аzattyq.org

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *