Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Шыға бастағанына әлі жыл толмаған әдеби журнал «Адырна» ай санап күшейіп келеді

Шыға бастағанына әлі жыл толмаған әдеби журнал «Адырна» ай санап күшейіп келеді

Журналдың қарашадағы саны жарық көрді. Мұнда Көкбөрі Мүбәрәк, Жұлдызай Ысқақ сияқты жас ақындардың өлеңдері, Зәуре Батаеваның «Антрополог», Дәурен Қуаттың бірнеше әңгімелері, қазақ өлеңінің қазіргі классигі Есенғали Раушановтың жаңа өлеңдері мен И.Бунинге арналған тамаша эссесі, Ә.Бәкірұлының, С.Ақсұңқарұлының, Ы.Ожайұлының, Ұ.Есдәулеттің мазмұнды мақалалары, А. Мантайдың Ж.Елеусіз туралы пікірі, К.Аширдің күллі адамзатқа қатысы бар пьесасы, С.Қондыбайдың атақты еңбегінен үзінді және қазақтың ұлы жазушысы Әбіш Кекілбайдың «Тасбақаның шөбі» атты белгілі әңгімесі («Үздік үлгі» айдарымен) жарияланған.

«Адырнаның» күн санап есейіп, халықтың сүйікті басылымына айналып келе жатуы, сірә, бастаманың ізгі мақсаттарға ұмтылуында болуы керек. Кезінде жетекші көсемсөзшілердің бірі болған, белгілі интеллектуал, халықтың шынайы жанашыры, ақын Мейірхан Ақдәулетұлының — баяғы әйгілі «Алтын Орданың» редакторының басшылық жасауы да «Адырнаны» өрге сүйрейтін сияқты.

Өкініштісі — халықтың, тіпті, әдебиетке қатысы барлардың да рухани самарқаулығы журналдың кең тарауына кедергі болып отырған сияқты.

«Адырна» — Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен шығып отырған әдеби журнал. Демек, халыққа не керегін терең түсінетін әкім «Адырнаны» қолдай берері анық — журнал танымал басылымға айналып келеді.

Айтпақшы, «Адырнаға» жазылыңыз: индексі — 74939, бағасы (1 жылға) 7363 теңге 20 тиын. Бұл — сіздің темекі пұлыңыздың алтыдан бірі ғана.

Әдебиет — өмір оқулығы. Өзіңіз, ұрпағыңыз рухани тұрғыдан шынықсын десеңіз жазылыңыз. Ең озық журналға — «Адырнаға»! Оны барлық почта бөлімшелерінен жаздыруға болады. Республиканың барлық нүктесінен!

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *