«Табын Бөкенбайдың суреті жалған». Оралдық ғалым ақтөбелік тарихшылардың зерттеуін жоққа шығарды

"Табын Бөкенбайдың суреті жалған". Оралдық ғалым ақтөбелік тарихшылардың зерттеуін жоққа шығарды
Androidmafia.ru

Оралдық тарихшының айтуынша, көп жерде жарияланып жатқан Бөкенбай батырдың суреті — оның шынайы бейнесі емес.

«1738 жылы тамызда Орынборда үлкен кездесу өтті. Василий Татищев Әбілқайыр ханнан екінші рет ант қабылдап, Кіші жүздің саяси элитасын жинайды. Соның ішінде Есет батыр Көкіұлы да болған. Жергілікті ақтөбелік тарихшылар да табын Бөкенбайдың суретіне қатысты жаңа деректер келтірді. Кезінде мұны кәсіби маман, антрополог Әбілсейіт Мұхтар сынға алған еді. Шын мәнісінде, Бөкенбай батырдың суретін замандасы Джон Кестль салмаған», — деді М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Жәнібек Исмурзин.

Ол Орынбор музейіне жиі барып тұратынын айтты. 2014 жылы орынборлық суретші Владимир Тельновтың салған суреті тарихшының назарына ілігеді.

«Суреттің жанында «Татищевтің қазақ ханы Әбілқайырдан ант қабылдауы» деп жазылып тұр. Тельновтың кім екенін музей қызметкерлерінен сұрадық. Владимир Тельнов — ХХ ғасырда өмір сүрген орынборлық суретші. Сурет шамамен 1980-ші жылдары салынған. Бұл ешқандай түпнұсқа емес. Тельновтың қиялынан шыққан сурет», — деген Жәнібек Исмурзин ақтөбелік тарихшылардың зерттеуін жоққа шығарды.

Ал сол суреттің негізінде Бөкенбай батырдың бейнесі салынған еді. Осылайша, оралдық тарихшы халық арасында кең тараған батырдың бейнесін түпнұсқа деп қабылдамауын сұрады.

Қамбар Мұқашев, Aktobenews.kz

Сурет Androidmafia.ru сайтынан алынды

Пікір қалдырыңыз