Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбе дәрігерлері төсек тартып жатқан жігітті әкесінің жанайқайынан кейін оңалту бөліміне ауыстырды

Ақтөбе дәрігерлері төсек тартып жатқан жігітті әкесінің жанайқайынан кейін оңалту бөліміне ауыстырды

Төсек тартып жатқан ақтөбелік жігітті әкесінің жанайқайынан кейін оңалту бөлмесіне ауыстырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі

Бір айдан астам уақыт бұрын такси күтіп тұрған Серік Жантікеновті көлік қағып кеткен болатын. Ол облыстық жедел жәрдем ауруханасынан күтім бөліміне ауыстырылды. Ал бүгін «Дару» оңалту орталығына жатқызылды.

Серік Жантікенов көзін ашып, жан-жағына қарағанымен, сөйлемейді. Тамақты түтікпен ішеді. Бұған дейін аппаратқа таңылған жас жігіттің құр сүлдеcі қалған. Ұлының осы күйін көрген әкесі кеше жан-жақтан көмек сұрап, сауықтыру жұмыстарына ақша жинады. Ал бүгін оны облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Дару» оңалту орталығына жатқызды.

«Баламды «Дару» оңалту орталығына жатқызды. Заманауи орталықта оңалту жұмыстары жақсы жасалады деп үміттенемін. Себебі, аппараттары жаңа, бәрі таза. Осы жерде екі апта ем қабылдауымыз мүмкін. Әрі қарай бәрі ақылы болады», — деді Алмаз Жантікенов.

Жәнібек Нұрғожа, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *