Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Қазақстанның тұңғыш Әділет министрі Нағашыбай Шайкеновке Ақтөбеде ескерткіш қойылды

Қазақстанның тұңғыш Әділет министрі Нағашыбай Шайкеновке Ақтөбеде ескерткіш қойылды

dav

Ақтөбе қаласында Қазақстанның тұңғыш Әділет министрі Нағашыбай Шайкеновке ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ескерткіш ғалымның атымен аталған көшенің бойына қойылды.

Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, құттықтау сөзінде Нағашыбай Шайкенов атындағы қоғамдық қор басшысына алғысын білдіріп, қайраткер жайлы естеліктер айтты.

ҚР Жоғарғы сот Төрағасы Қайрат Мәмидің құттықтау хаты Нағашыбай Шайкеновтың жұбайына табысталды.

«Нағашыбай Аманғалиұлының біздің еліміз тәуелсіздік алған кезде құқық саласына сіңірген еңбегі зор», — деп еске алды қонақ ретінде келген ҚР Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина.

Ескерткішке гүл шоқтары қойылып, шара соңы «Атамекен» мейрамханасында берілген арнайы аспен жалғасты.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *