Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеде Есенкелді Батырғаринді еске алуға арналған республикалық турнир басталды

Ақтөбеде Есенкелді Батырғаринді еске алуға арналған республикалық турнир басталды

Грек-рим күресінен жастар арасындағы республикалық турнирге 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін Ақтөбедегі Жекпе-жек сарайында турнирдің ашылу салтанаты өтті. Жарысқа елдің түпкір-түпкірінен 8 салмақ дәрежесі бойынша 100-ге тарта спортшы келді.

«Аталмыш турнир жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жас балуандар екі күн әр салмақ дәрежесінде бақтарын сынайтын болады. Айта кетсем, келесі жылдан бастап, көршілес ТМД елдерінен командалар шақырып, турнирдің дәрежесін көтеру мақсатымызда бар», — деді ҚР құрамасының жасөспірімдер арасындағы аға жаттықтырушысы Серік Жұмашев.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында Есенкелді Батырғаринді еске алуға арналған дәстүрлі турнир 1997 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Сондай-ақ, ашылу салтанатында облыстық дене шынықтыру басқармасы өңірдегі күрестің дамуына үлес қосып келе жатқан ақтөбеліктерді бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Жәнібек Нұрғожа, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *