Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Инвестфорум: Ақтөбеде ЭКО автобустар пайда болуы мүмкін

Инвестфорум: Ақтөбеде ЭКО автобустар пайда болуы мүмкін

Tripsmile.ru

Ақтөбедегі халықаралық инвестициялық форум аясында үздік жобалар көрмесі өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Көрмеде инвесторларға тау-кен металлургиялық, мұнай-газ, агроөндірістік, энергетикалық және туризм салалары бойынша жобалар таныстырылды. Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесіндегі жаңа технологиялар Ақтөбенің кәсіпорындарына егізілетіндігі айтылды.

Мәселен, «Светком» компаниясы уақытша және вахталық мекендерге күн энергиясынан жылу алу мен ыстық сумен қамтамасыз етудің мобильді жүйесін енгізбек. Аталған жүйе бойынша күн сәулесінің шағылуын арнайы қабылдағыштар арқылы қабылдайды. Бұл жылу тасығыштың қалыпты температурасын арттырады да, жылудың артық жұмсалуын азайтады.

«Ақбұлақ» АҚ Wilkinmäki» (Финляндия)  тазарту құрылғылары кешенін енгізуді жоспарлап отыр. Одан әрі бұл тазартылған ағын суды ауыл шаруашылығына пайдалануға болады. «Автопарк» ЖШС толықтай күн энергиясы бойынша жұмыс істейтін ЭКО автобустарға қызығушылық танытып отыр.

«Энергосистема» және «ТК Фарм» компаниялары күн панельдерін пайдалануды көздеп отыр. Осы күн панельдерінің арқасында электр жүйесі жоқ алыс елдімекендерді жарықпен қамтамасыз етуге болады. Жалпы алғанда, ЭКСПО-ның 17 түрлі технологиясы көрсетілді.

Бүгінгі таңда Ақтөбе Индустриалды аймағында 13 жобаны игеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған аймақтың 50 пайызы игерілді. Жеке инвестицияның жалпы көлемі 85 млрд. теңге болды. 1700 жаңа жұмыс орындары пайда болады деп күтілуде.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында Бесінші халықаралық инвестициялық форум өтіп жатыр. Бүгін Шығарашылық академиясында инвестицияның мүмкіндіктері, артықшылықтары мен мемлекеттің қолдауы туралы панельдік сессиялар өтті. Жиналыстарда Ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдардың жетекшілері баяндама оқыды.

Ілияс Оразбаев, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *