Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбедегі индустриалды аймақты 100 пайыз игеру 2018-2019 жылдарға жоспарланған

Ақтөбедегі индустриалды аймақты 100 пайыз игеру 2018-2019 жылдарға жоспарланған

«Aktobe Invest 2017» инвестфорумы аясында «Мемлекеттік қолдау түрлері: индустриалдық аудандар — болашағы бар жобаларды іске асыру үшін инфрақұрылымдық құрал және іске қосу алаңы» деген тақырыппен панельдік сессия отырысы өтті.

фото: inform.kz

Шара барысында инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау түрлерін, Ақтөбе Индустриалдық аймағында жобаларды орналастыру мәселелерін талқылау жүргізіледі, инвестициялау үшін болашағы бар жобалар таныстырылды.

 Спикерлер арасында «Ақтөбе» ӘКК», «Даму» кәсіпкерлікті қолдау Қоры», «Kazyna Capital Management» АҚ өкілдері бар.

Индустриалдық аймақтар 100 жылдан астам уақыт бұрын Ұлыбританияда және АҚШ-та пайда бола бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропада кеңінен қолданыла бастады. Бүгінде әлемде 20 000 астам индустриалды аймақ бар. Айта кету керек, Азия елдерінде мұндай аймақтарды құрудағы басты мақсат негізінен елдің экономикалық дамуын жеделдету болып отыр.

Бүгінгі күні «Ақтөбе» индустриалдық аймағында 2,2 млрд. теңгеге 3 жоба іске қосылды, оның ішінде соққықа қауіпсіз жабындылар, антифриздер  және үшқабатты қабырға блоктары бар.

Сомасы 9,5 млрд теңге болатын 6 жобаның құрылысы жүргізіліп жатыр, жалпы сомасы  76,2 млрд. теңге болатын  4 жоба бойынша құрылыс бастау үшін жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы алғанда 85 млрд. теңге болатын 13 жобаны игеру қолға алынды, ИА тиімді алаңының 50 пайызы игерілді. Индустриалды аймақты 100 пайыз игеру 2018-2019 жылдарға жоспарланған.

Самат Бижанов, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *