Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеде «Күзгі жүгіру — 2017» марафон жарысына байланысты кейбір көшелер жабылады

Ақтөбеде «Күзгі жүгіру — 2017» марафон жарысына байланысты кейбір көшелер жабылады

vm.ru

15 қазан күні Ақтөбе қаласында өткізілетін «Күзгі жүгіру – 2017» марафон жарысына байланысты қала көшелері жабылады. Қала әкімінің қаулысымен сағат 08.30-дан сағат 12.00-ге дейінгі аралықта келесі көшелер уақытша жабылатын болды:

  • Әбілқайыр хан даңғылының бойы Ә.Молдағұлова даңғылынан В.Пацаев көшесіне дейін,
  • Ә.Молдағұлова даңғылы бойы Әбілқайыр хан даңғылынан Сәңкібай батыр даңғылындағы айналма жолға дейін,
  • Сәңкібай батыр даңғылы бойы айналма жолынан Бөкенбай батыр көшесіне дейін (Әуежай бағытында),
  • Бөкенбай батыр көшесі бойы айналма жолдан Мясоедов көшесіне дейін,
  • Әз Наурыз көшесі бойы Мясоедов көшесінен Шайкенов көшесіне дейін,
  • Шайкенов көшесі бойы Әз Наурыз көшесінен М.Мәметова көшесіне дейін,
  • М.Мәметова көшесінен Атаусыз көшеге дейін,
  • Әбілқайыр хан даңғылы бойы Ә.Молдағұлова даңғылынан М.Мәметова көшесіне дейін,
  • 101 Атқыштар бригадасы, М.Оспанов, Ғ.Жұбанова параллель көшелерінің бойы.

Марафон болатын аймақтың барлығына тиісті белгілер мен қоршаулар қою керектігі туралы тапсырма берілді.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *