Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Инвестфорум: Агроөнеркәсіп кешеніне қатысты панельдік сессияда не айтылды?

Инвестфорум: Агроөнеркәсіп кешеніне қатысты панельдік сессияда не айтылды?

kprf-irk.ru

«Жаһандану кезеңіндегі агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі» деген тақырыппен инвестфорум аясында панельдік сессия ұйымдастырылды.

Бұл шараға 40-тан астам адам қатысты. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы министрлігі, «НҰХ» ҚазАгро» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, аймақтың агроөндірістік кешені, жергілікті қаржылық институттар өкілдері, шетелдік ірі инвестор компаниялардың құрылтайшылары бар.

Шара барысында «ҚазАгроҚаржы», «ҚазАгроӨнім», «Хлебопродукт 2» өкілдері Ақтөбе облысының агроөндірістік кешенін дамытудың перспектикалық бағыттары туралы айтты.

Ақтөбе облысының агроөндірістік кешені ет, сүт және астық кластерлерінің жақсы дамуымен ерекшеленеді. Сонымен бірге жылыжай, жеміс-жидек дақылдары, балық өсіру және басқа да салалар жоғары қарқынмен дамып келеді.

Жыл сайын мал басы артып келеді, мысалы, соңғы үш жылда ірі қара малы 18,7 мың басқа, қой 49,6 мыңға, жылқы 13,6 мың басқа артты. Бұған қоса ауылшаруашылығы дақылдарының егіндік алқаптары да артып келеді. Мысалы, 2015 жылы 31 пайызға немесе 155,0 мың гектарға артты, яғни, 501,0 гектардан 656,0 гектарға дейін артты.

«Жыл сайын жабық топырақ алаңдары артып келеді, мысалы, соңғы үш жылда өліра кезінде тұрғындары жаңа піскен көкөніспен қамтамасыз ету көрсеткіші 51 пайыздан 87 пайызға дейін артты», — дейді ұйымдастырушылар.

Бұл бағытта жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр және аталған инвестициялық форум аймақтың ауалшаруашылығы саласының дамуына тың серпіліс береді.

Самат Бижанов, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *