Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Димаштың желтоқсанда Қытайда өтетін жеке концертіне қазақстандық фанаттары да барғалы отыр

Димаштың желтоқсанда Қытайда өтетін жеке концертіне қазақстандық фанаттары да барғалы отыр

rus.azattyq.org

Желтоқсан айында Қытайдың Гуанчжоу қаласында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді. Оған әншінің Қазақстандағы, оның ішінде Ақтөбедегі фанаттары да баруы мүмкін, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Димаштың анасы Светлана Айтбаеваның айтуынша, желтоқсан айының ортасында Гуаньчжоу қаласында Димаштың «Бастау» атты үлкен жеке концерті өтеді.

«Гуаньчжоудағы концерттен кейін Димаш Лос-Анджелесте стажировкадан өтуі керек. Баланың оқуды сәтті аяқтап, диплом алғанын күтіп жүрміз. Сондықтан әзірге өзге концерттермен Димаштың көңілін алаңдатқымыз келмейді», — деді Светлана Айтбаева.

Әншінің Мира есімді ақтөбелік фанатының айтуынша, қазіргі таңда Қазақстандағы барлық фан-қозғалыстар Қытайға барып-қайтуды ойластырып жатыр.

«Әрине, жол ұзақ. Дегенмен, Димаштың ондағы концертін көргісі келетіндер аз емес», — деді ол Aktobenews.kz тілшісіне.

Самат Бижанов, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *