Бастапқы бет / Басты жаңалықтар / «Алло» әнін өзбектің танымал әншісімен орындаған Төреғали көптің сынына қалды (Видео)

«Алло» әнін өзбектің танымал әншісімен орындаған Төреғали көптің сынына қалды (Видео)

Өзбекстанның танымал әншісі Шахзодамен 2016 жылдың хит дуэті «Алло» әнін орындаған Төреғали Төреәлі желі қолданушыларының сынына қалды. Көпшілік бұл әнді Ерке Есмаханмен бірге орындаған әсерлірек деп жатты.

«Еркемен айтқан нұсқасы ұнайды», «Біресе қырғыз қызымен, біресе өзбек қызымен айтады. Өзі тұрақсыздау әнші екен», «Еркеге жетпейді, қырғызбен айтты, өзбекпен айтты. Қазағымның Еркесіне не жетсін?! Жарнамаға Еркені салды, Ерке концертке катыскан жоқ — ау деймін», » Еркемен тағы бір қырылысып қалған ба?»,- деп жазды желі қолданушылары.

Еске салсақ, Төреғали Төреәлі Алатау баурайында 25 жасқа толуына орай қатарынан бес күн «АЙ-хай 25» атты жеке ән кешін беріп жатыр.

nur.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *