Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Инвестфорум қонақтары ақтөбелік кәсіпкерлердің шығыны мен пайдасын есептеп жүр

Инвестфорум қонақтары ақтөбелік кәсіпкерлердің шығыны мен пайдасын есептеп жүр

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында өндірістік және әлеуметтік нысандар салудан Ақтөбе облысы көш бастап тұр. Елбасының Ақтөбеге келген  жұмыс сапарының бір себебі де осы болатын.

«Мемлекет кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді. Олар да халыққа беру керек» деген Президент сөзі Ақтөбеде нәтижелі орындалды. Өзге өңірлерге Ақтөбеден үлгі алу керектігі айтылды.

Халықаралық инвестфорумға келген қонақтар қысқа мерзімде жүзеге асқан жобаларға қызығушылық танытты.

«Ақтөбеде болып жатқан форум кәсіпкерлер үшін тиімді және көп нәрсе үйренуге болады. Танысу жұмыстарының өзі тәжірибе. Өзге елмен әріптестік байланыс жоғарылай түседі. Қалада мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бірнеше әлеуметтік нысан салынған. Бұл үлгі боларлық нәрселер», — деді Армения елінің Қазақстандағы елшісі Ара Сааянкян.

Өзге облыстардан келген кәсіпкерлер мемлекеттік-жекеменшік серіктестің аясында салынған нысандардың идеясы мен шығындарына қатысты сұрақтарға қызықты. Жергілікті кәсіпкердің шығыны мен пайдасын сұрап, құрылыс жұмыстары үшін банктен теңгемен қалай несие алғандарына дейін сұралды.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестің аясында салынған орталықтарға қызығушылық танытқандар алдымен «Батыс-2» шағын ауданында салынған «Жекпе-жек» сарайын аралады. Спорт кешенін «Нектар құрылыс кооперативінің директоры Шамил Каспранов салды.  Жоба құны — 1,5 миллиард теңге. Спорт кешеніне мыңға жуық көрермен сыяды. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға да арнайы орындар бар.

Қонақтар 2500 көрермен сыятын мұз сарайының құрылысымен танысты. Ғимарат алаңы — 6 мың шаршы метр. Аумақта құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *