Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеде өтетін инвестициялық форум аясында кәсіпкерлерге тегін шеберлік сабақтары жүргізіледі

Ақтөбеде өтетін инвестициялық форум аясында кәсіпкерлерге тегін шеберлік сабақтары жүргізіледі

Ақтөбе облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен 12-13 қазан күндері «AKTOBE INVEST – 2017» бесінші халықаралық инвестициялық форумы өткізіледі. Жоспар бойынша шағын және орта бизнес саласындағы кәсіпкерлерге тегін шеберлік сабақтары ұйымдастырылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Өңірдің негізгі инвестициялық тартымдылығын көтеру, экономиканы дамыту мақсатында өткізіліп жатқан шараға басқа елдерден бизнес майталмандары келеді. Олар біздің облысқа қызығушылық танытып отыр. Форумға байланысты әртүрлі шаралар ұйымдастырдық, соған кәсіпкерлерді шақырамыз», — деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова.

Жоғарғы оқу орны студенттеріне, кәсібін жаңа бастаған шағын және орта бизнес өкілдеріне арнайы тегін шеберлік сабақтары мен тренингтер өткізіледі. Форум жұмысына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев келеді деп жоспарланған.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *