Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Жерлестер форумында төбе көрсетпеген Архимед Мұхамбетов Инвестфорумға қатысады

Жерлестер форумында төбе көрсетпеген Архимед Мұхамбетов Инвестфорумға қатысады

Ақтөбеде өтетін V Халықаралық «Aktobe Invest-2017» форумына 20 елден 400-ға тарта адам қатысады деп жоспарланған.

«ЭКСПО-2017: Өңірлердің серпінді дамуы» форумы аясында ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылған жаңа технологияларды пайдалану, аймақтың экономикасын дамыту мәселелері талқыланады. Энергетика министрлігі әлемдік көрмеде Ақтөбе облысын инновацияларды енгізу саласындағы көшбасшылардың бірі ретінде атап өтті.
Ақтөбедегі кәсіпорындардың бірқатары өндіріс шығындарын азайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды енгізуде.

Шараға облыстың бұрынғы әкімі Архимед Мұхамбетов қатысады деп күтілуде.

Ақтөбе облыстық туризм басқармасы алғашқы болып Әзірбайжан, Арменя, Македония, Италия, Словакия елдерен өкілдер келетінін мәлімдеді. Әлемдік деңгейдегі бизнес өкілдері де қатысады деп жоспарланып отыр.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *