Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеде өтетін Инвестфорум аясында 200 млрд теңгенің құжатына қол қояды

Ақтөбеде өтетін Инвестфорум аясында 200 млрд теңгенің құжатына қол қояды

Ақтөбеде өтетін инвестфорумда жалпы көлемі 200 млрд теңге болатын 11 келісімге қол қойылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Ақтөбе және Қостанай облыстары арасында аймақаралық ынтымақтастық пен өнеркәсіпті дамыту мақсатында түрлі келісімдерге қол қойылады.

Атап айтқанда генераторлар шығаратын зауыт салу, фармацевтика өндірісін кеңейту туралы, техникалық ерітінділер мен карбамид өндіретін кәсіпорын салу, т.б. жобалар бар.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *