Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / «Еңбек жолы» республика байқауына қатысатын ақтөбеліктерге дауыс беріңіз

«Еңбек жолы» республика байқауына қатысатын ақтөбеліктерге дауыс беріңіз

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында www.enbek.gov.kz өндіріс еңбеккерлері мен еңбек әулетттері арасында өткізілетін «Еңбек жолы» байқауының республикалық кезеңіне онлайн дауыс беру басталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Онлайн дауыс беру 2017 жылдың 20 қазанына дейін жалғасады. Дауыс беру қорытындысы бойынша «Еңбек жолы» байқауының республикалық комиссиясы үш номинация бойынша «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» лауреатты анықтайтын болады. Аталған байқау жеңімпаздары 2017 жылдың 27 қазан күні Еңбек күнін мерекелеуге арналған «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» республикалық форумында марапатталады.

Әрбір дауыстың маңыздылығын ескере отырып, «Еңбек жолы» байқауына қатысатын ақтөбеліктерге белсенді онлайн дауыс беруіңізді шақырамыз.

«Үздік еңбек әулеті»
Жұбанышевтар әулеті

Ақтөбе облысы
Отбасы мүшелерінің және туған-туысқандарының жалпы саны: 21
Еңбек әулеті өкілдерінің жалпы еңбек өтілі: 423 жыл

Әулет басшысы Керей Жубанышевич Жубанышев, 35 жыл темір жол жүк тасымалында жұмыс жасайды, ҰОС құрамында «Красная звезда», «Красное Знамя», «За отвагу» төсбелгілерімен мадақталды. Әке жолын жалғастырған жеті баланы тәрбиелеп, қазіргі таңда балалары мен немерелері Қандыағаш сигнал беру және байланыс дистанциясында жұмыс жасауда. Әулет мүшелері ерен еңбектері үшін бірнеше рет алғыс хаттар мен мақтау қағаздарына ие болды. Жубанышевтер әулеті белсенді, қызметкерлерге кәсіби бағдар беруде және жастарға деген насихатында аяусыз еңбек етуде. Жубанышевтер әулеті беделі жоғары, ұжымда сеніммен үлкен құрметке ие.

 

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»

Калжанов Сагидулла Сангалиевич

Ақтөбе облысы

Сагидулла Сангалиевич «Трансэнерго» АҚ-да жарты ғасыр бойы еңбек етуде. Ол өз тәжірибесімен, білімімен ізінен ерген жас мамандармен бөлісуді. Осы уақыт ішінде ол өзін тек жағымды жағынан, адал және жоғары кәсіби қызметкер ретінде көрсетті. Жұмыс уақытында өзіне және қасындағы ұжымдастарына жоғары талап қойып, міндетін уақытылы және сапалы орындайды. Қоғамдық өмірде белсенді және салауатты өмір салтын ұстанады. Ұжымда жоғары сенім мен құрметке ие, сондай-ақ «Трансэнерго» АҚ сіңірген еңбегі үшін басшылық атынан алғыс хаттар мен грамоталар иеленген.

 

«Өндірістің үздік жас маманы»

Гумаров Айзат Раимович

Ақтөбе облысы

Зауытта 2014 жылдан бастап 3-ші разрядты ферроқорытпа балқытушысы болып жұмыс атқарады. Өзінің қызметтік міндеттерін атқару барысында адал, ұжымда бірлесіп жұмыс істей алатындығын көрсетті, міндеттелген тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындайды, цехта және зауытта орын алатын спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысады. Ұжымда өз әріптестерінің және де басшылықтың үлкен сенім мен құрметіне ие. Мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысқандығы үшін, басшылықтың алғыс хаттары мен мақтау қағаздарының иегері. Зауыттағы жастар кеңесінің спикері.

Самат Бижанов, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *