Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбе медресесіне қос көліктің кілті табыс етілді.

Ақтөбе медресесіне қос көліктің кілті табыс етілді.

«Ақтөбе медресесі» колледжіне қос бірдей көліктің кілті табыс етілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің балансында болған Газель автокөлігі енді медресенің пайдаланылуына берілді. Ал, Toyota Camry маркалы екінші қызметтік көлік медресе директорына табысталды.

Аталмыш автокөлік қалалық орталық мешітке «Уақып» қорының атынан жаңа қызметтік көліктің берілуіне байланысты мешіт балансынан шығарылған болатын.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

1 пікір

  1. Нұрланбек Шұғыла

    Ақтөбе медресесі» колледжі қайда орналасқан

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *