Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Аралас жекпе-жек спорт түрінен ақтөбеліктер топ жарып келеді

Аралас жекпе-жек спорт түрінен ақтөбеліктер топ жарып келеді

фото: championat.com

Биыл үш ақтөбелік спортшы халықаралық жарыстарда ешкімге дес бермеген. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Кәсіпқой спортшылар арасындағы халықаралық турнирде ақтөбелік Дәурен Ермеков қарсыласын тас-талқан етіп, Еуразия чемпионы атағымен қоса NFC белбеуін жеңіп алды.

Ал, әйгілі ақтөбелік Гойти Дазаев 77 келі салмақта UFC промоушенінде өнер көрсетті. Ол өте тәжірибелі бразиялиялық Элеос Сильвериомен кездесіп тең түсті.

Қыркүйекте Татарстанда халықаралық M-1 GLOBAL промоушенінің ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен жарыс өтті. Мұнда ақтөбелік Сергей Морозов Бразилияның муай-тайдан, джиу-джитсуден және Bigway Fight турнирінің чемпионы Луан Фернандеспен кездесіп, екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Дәурен Ермеков, Гойти Дазаев және Сергей Морозов — Ақтөбе қаласындағы «Еркін Күш» кәсіпқой-жауынгерлік клубының споршылары. Кәсіпқой спорттағы жолдарын жігіттер панкратионнан, грэпплингтен және ММА-дың WMMAA тұжырымының әуесқой жарыстарынан бастаған.

Самат Бижанов, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *