Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеде студенттер жатақханасында 86 студент бір кіржуғыш машинаға қарап отыр

Ақтөбеде студенттер жатақханасында 86 студент бір кіржуғыш машинаға қарап отыр

 

Ақтөбелік депутаттар жатақханада тұратын 86 студенттің бір кіржуғыш машинаға қарап отырғанына шошыды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Халық қалаулылары студенттердің тұрмысын қарап, жатақханаларға рейд жұмыстарын жасауды бастады. Олар алдымен Ақтөбе политехникалық колледжінің жатақханасына барды. Колледжде оқып жатқан студенттердің 70 пайызы ауылдар мен басқа облыстардан келген.

«Жатақхана 110 балаға арналған. Қазір мұнда 86 студент тұрып жатыр. Олардың барлығы да шалғай ауылдар мен өзге өңірлерден келген», — дейді колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Ақгүл Жүкетаева.

Депутаттар студенттердің жатақханаға орналасуы мен орындардың жайлылығын қарады. Жатақхана басшылығына жүзге жуық баланың бір кіржуғыш машинаға қарап отырғаны дұрыс емес екенін ескертті. Сонымен қатар, тоңазытқыштардың аздығын атады.

Партиясының бақылау комиссиясы алдағы уақытта да жатақханаларды аралайтын болады. Ақтөбеде жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған 14 жатақхана бар. Оларда тұратын студенттердің саны 3 мыңға жуық.

Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *