Бастапқы бет / Басты жаңалықтар / «Қазпошта» қызметінің имиджін көтеруге Димаш Құдайбергенов таңдалды

«Қазпошта» қызметінің имиджін көтеруге Димаш Құдайбергенов таңдалды

Еліміздегі үлкен компаниялар Димаш Құдайбергенов арқылы имидж көтеру жұмысын бастады. Ұлттық пошта операторы қазақстандық танымал әншімен ынтымақтастық байланыс орнатқанын хабарлайды.

«Аз ғана уақыт ішінде өз кәсіби саласында аса зор табысқа жетіп, музыка тарихына өшпестей етіп өз есімін жазған, әлемдік деңгейдегі жарық жұлдызымыз Димаш Құдайбергенмен ынтымақтастық байланыс орнатқанымызды қуана жеткіземін. Димаш біздің компаниямыздың басты идеясын бейнелейді, түрлі елдер мен қалалардың халқын біріктіреді. Компания қашанда инновацияларға, технологиялар мен жоғары сапалы сервистерге ұмтылады. Қазпошта қазақстандықтардың қысқа уақыт ішінде барынша сапалы қызметтерді пайдалануы үшін жұмыс істейді. Мен біздің Димашпен ынтымақтастығымыздың табысты да қызықты болатынына сенемін», – деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сакен Сарсенов.

Қытайда өткен «Singer-2017» байқауының финалында жүлделі орын алған жерлесіміз отандық компанияға сәттілік тілеген.

«Соңғы кездері мен «Қазпошта» қызметін жиі пайдаланамын, әлемнің түкпір-түкпірінен өз жанкүйерлерімнен хаттар мен сыйлықтар алып тұрамын. «Қазпошта» қызметінің әлеуметтік рөлі және заманауилығы мен технологиялылығы маған ұнайды. Мен «Қазпоштаның» одан әрі көркейіп, гүлдене беруін тілеймін», – деді Димаш Құдайберген.

Қазір пошта қызметі арқылы Қазақстанға шетелден күніне 21,4 мыңнан астам сәлемдеме жеткізіліп отыр. Компания 2020 жылға қарай бұл нарық күніне 300 мың сәлемдемеге дейін өседі деп жоспар отыр.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *