Бастапқы бет / Басты жаңалықтар / Республикалық «Үздік педагог – 2017» байқауында ақтөбелік ұстаз топ жарды

Республикалық «Үздік педагог – 2017» байқауында ақтөбелік ұстаз топ жарды

Жыл сайын ІІІ деңгейде өткізілетін шара биыл да жалғасын тапты. Осы жылдың үздік ұстазы ретінде Ақтөбе политехникалық колледжінің оқытушысы марапатталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік педагог» республикалық байқауында техникалық және кәсіптік білім беру саласының «Үздік педагог — 2017» атағына Ақтөбе политехникалық колледжінің «Автоматтандыру және басқару» бөлімінің арнаулы пән оқытушысы Өтеулиев Ержан Бақытбайұлы ие болды. Қызметінің үздігі арнайы куәлік және төсбелгімен марапатталды.

Республикалық шараның негізгі мақсаты педагогтар қауымын ынталандырып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігінің артуына үлес қосу және білім саласының озат мамандарын анықтау.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *