Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ресейдің тұмауға қарсы вакцинасымен ақтөбеліктерге екпе салдыру басталды

Ресейдің тұмауға қарсы вакцинасымен ақтөбеліктерге екпе салдыру басталды

Мамандар тұмауға қарсы екпе алудың басталғанын хабарлайды. Респираторлық вирус инфекциялары қаңтарға дейін қауіпті болмақ.

Биыл қауіпті вируспен күресу үшін бюджеттен 28 миллион теңгеден аса қаржы бөлінген. Жүкті әйелдер, есепте тұрған науқастар, мұғалімдер мен әскери қызметкерлерге екпе салдырту тегін.

«Екпе алу қазан айынан бастап, сәуір айына дейін жалғасады. Тұмау және өткір респираторлық вирустық инфекцияларға қарсы берілетін екпе Ресей елінен алынды. Тұрғындар үшін тұмауға қарсы екпе салдыру тиімді. Бағасы да қымбат емес. Шамамен 1700-2500 теңге болады. Екпе салдырсаңыз, тұмауға шалдыққанның өзінде жеңіл өтеді. Ауру асқынғанда жүрекке, миға әсер ететінін ескеруіміз керек», — дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.

Мамандардың айтуынша, өткен жылы тұмаудың асқынған түрімен ауырған 227 ақтөбелік тұрғынның ешқайсысы да екпе салдырмаған.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *